Сіздің қалаңыз:
Қызметтер

Ересектерге арналған диагностика

Диагностикалық тексерудің сапасы таңдалған клиниканың техникалық жабдықталу деңгейіне байланысты. Біздің барлық клиникаларымыз заманауи жабдықтармен жабдықталған және жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.

Тексерудің стандартты құрамына кіреді:

  • Рефрактометрия – минус, плюс, астигматизмді өлшеу.
  • Визометрия – көру өткірлігін анықтау.
  • Тонометрия – көз ішілік қысымды өлшеу.
  • Периметрия – көру өрісін зерттеу.
  • Биомикроскопия – көздің алдыңғы бөлігін саңылаулы шаммен тексеру әдісі.
  • Офтальмоскопия – көз түбін (тор қабық пен көру нервісін) тексеру.
  • OCT – оптикалық когеренттік томография (тор қабық пен көру нервісін зерттеу).
  • Көз УДЗ – көз ішкі құрылымдары мен көз шарасы тіндерінің жай-күйін бағалауға арналған қосымша зерттеу әдісі.
  • Биометрия – көз алмасының параметрлерін өлшеу.
  • Қасаң қабықтың топографиясы
  • Пахиметрия – қасаң қабықтың қалыңдығын өлшеу.
  • ЭФИ (ЗВП, ЭРГ) – тор қабықтың сыртқы және ішкі қабаттарының, сондай-ақ көру нервісінің өткізгіштігінің жай-күйін анықтау.

Неліктен толық диагностика үшін бізге жүгінген дұрыс?

ASTANA VISION – бұл дәлелді медицина қағидаттары бойынша жұмыс істейтін жоғары білікті дәрігерлер командасы. Клиника қызметкерлері өзінің жұмыс істеген кезеңінде 1 000 000-нан астам офтальмологиялық тексеру жүргізді.

Қабылдауға жазылу

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!

Сеть глазных клиник ASTANA VISION. Клиника в г.Семей. https://semey.vision.kz/

Эндотелиалды микроскоп SP 3000p

Topcon Medical Systems, США
Сеть глазных клиник ASTANA VISION. Клиника в г.Семей. https://semey.vision.kz/

WaveLight® ALLEGRO Topolyzer™ VARIO™

Alcon, США
Сеть глазных клиник ASTANA VISION. Клиника в г.Семей. https://semey.vision.kz/

Oculyzer Alcon

Alcon, США
Сеть глазных клиник ASTANA VISION. Клиника в г.Семей. https://semey.vision.kz/

Авторефрактометр KR-800

Topсon, Япония

Біздің офтальмологтар.

Қызметтің құны

  • Офтальмолог дәрігерінің алғашқы тексеруі 8.000

    1-31 шілде аралығында, 18-45 жас аралығындағы науқастарға.

  • Офтальмолог дәрігерінің алғашқы тексеруі 15.500

    (ересектер)

  • Рефракциялық профильді тексеру дәрігер кеңесімен 15.500

    (ересектер)

  • Офтальмолог дәрігерінің алғашқы тексеруі 12.000

    (Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектер, зейнеткерлер)

  • «ASTANA VISION» клиникалар желісінің бағдарламасы бойынша ReLEx SMILE лазерлік рефракциялық операциясына дейінгі қосымша тексеру (алғашқы диагностикадан кейін 3 айдан аспайтын мерзімде) ТЕГІН

• Бұрын жоспарланған операция алдында алдын ала тексеру тегін жүргізіледі;

• Бағаға мыналар кіреді: операцияға дайындық, операцияны өткізу, ауырсынуды басу, бір реттік шығыс материалдары.

Бейне-пікірлер

Сіздің қалаңыз